КИЯНОВА

     ЗАМЗАГУЛ ЕРТАЙҚЫЗЫ
#БІЗБІРГЕМІЗ

Психолог кеңесі

 

ҰБТ-ға дайындалу үшін 11 сынып оқушыларына ұсыныс.

        ҰБТ-ға дайындық кезінде оқушылар дұрыс тамақтану керек. Біз ҰБТ-ға дайындалу кезінде сіздерге көмектесетін ас мәзірін ұсынамыз:
1. Жаттау алдында бір тәрелке ұнтақталған, өсімдік майы қосылған сәбіз жей керек.Сәбіз – мидың зат алмасуын қалыптастырып, жаттау жаттағанда еске сақтау қабілетті арттырады.
2. Ананас – жеткілікті мөлшерде С витаминін құрайды. Ол есте көлемді мәтіндерді сақтауға көмектеседі. Күніне 1 стақан шырын қабылдау жеткілікті.
3. Пияз – мидың шектен тыс шаршауын немесе жүйкенің шаршауын басуға көмектеседі. Мидың оттегімен қамтамасыз етілуін жақсартады. Мөлшер: күніне кем дегенде жарты пиязды қабылдау керек.
4. Тмин – барлық жүйке жүйесін ынталандырады. 1 кесеге 2 шай қасық қосылған тмин шайын ішу керек.
5. Лимон – С витамин есебімен ақпаратты қабылдауды жеңілдетеді және миды тынықтырады.
6. Қырыққабат – жүйке жүйесінің тозуынан сақтандырады. Қырыққабаттан салат жасауға болады.
7. Қарамық – мидың қан айналымын жақсартады.
8. Жаңғақтар – жүйке жүйесін нығайтады, мидың қызметін жақсартады.      

Егер осы тағамдарды қабылдасаңыз, сіз ҰБТ-ға жақсы дайындалуыңызға бір септігін тигізіп қалады. 

11 сынып оқушыларына психологиялық көмек

       11 сынып оқушылары ҰБТ қалай өтеді және қажетті ұпай жинай аламыз ба деп қиналады. Оларға психологиялық көмек керек. Баланы барлық жағынан қолдау керек. Оған ауыр сөз айтып, жекімеу керек. Жиі мадақтау қажет. Балаға міндетті түрде жоғарғы оқу орнына түсесің деп айту керек. Ол үшін мынаны ұсынамыз:      

Үлкен ватман қағазын алу керек. Жоғары бұрышына баланың суретін жабыстырамыз. Ортасына «Мен» деп жазу.       Сосын жақын уақытта қандай жетістіктерге қол жеткізетініңізді жазу. Мысалы:

  1. Мен мектепті «4» пен «5»-ке аяқтадым!
  2. Ата-аналарым  менің табысыма қуанышты!
  3. ҰБТ-дан 100 ұпай жинадым!
  4. Мен бақыттымын!
  5. Мен Қазақстанның ең белгілі жоғарғы оқу орнында оқимын!
  6. Менің денсаулығымда ақау жоқ!
  7. Мен күштімін және әдемімін!
  8. Менің айналамда тамаша адамдар көп!
  9. Менің достарым көп!
  10. Мен бай адаммын!

        Өзіңнің жазғаныңды мәнерлеп ынталықпен күніне екі рет оқып шығу керек. Кейінірек осы ойларыңыздың шынайы іске асқанын байқайсыз.

ПСИХОЛОГҚА СҰРАҚ
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
      ХАБАРЛАНДЫРУ!

 

Құрметті ата-аналар!

 

Нұр-Сұлтан қаласы «№53 мектеп-лицей» КММ  2020-2021 оқу жылында   бірінші сыныпқа баратын балалардың  ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік  жылдың 1 маусым мен 30 тамыз аралығында жүргізіледі. Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін төмендегідей құжаттар қажет:
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш;;
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (026 / у-3 нысаны);
4) көлемі 3х4 см фотосурет – 2 дана.
Ескерту: бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылдау кезінде емтихандар, тестілеулер, сынақтар, конкурстар жүргізілмейді. Мектеп әкімшілігі.


Ата-аналарды қабылдау кестесі:

Сейсенбі күні сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
Бейсенбі күні сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
тел.50-16-79, 50-16-82,

Сауалнама
Біздің сайт сізге ұнайма ???

Дауыс беру

СТАТИСТИКА
  • Осы айда 666
  • Осы аптада 292
  • Кеше 53
  • Бүгін 8
  • Онлайн 0
ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР