КИЯНОВА

     ЗАМЗАГУЛ ЕРТАЙҚЫЗЫ
#БІЗБІРГЕМІЗ
ТРЕНИНГ: "ОҚУДА ЖӘНЕ ӨМІРДЕ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ"

10«Е» сыныбы оқушыларымен «Оқуда және өмірде жетістікке жету» тақырыбында тренинг өтті. Тренингке 23 оқушы қатысты. Тренинг «Менің жақсы қасиеттерім» деген ойыннан басталды.  


 
ӨЗ БОЛАШАҒЫҢДЫ АНЫҚТАУДА МЫНАДАЙ ЕРЕЖЕЛЕРДІ ҰСТАН

1.      Ары қарайғы өмірлік жоспарың қандай болмасын, шет тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игергенің аса пайдалы. Бұлардың кез келген мамандықта қажеті болары сөзсіз!
2.      Мамандық таңдауға байланысты сені, сенің қалаған мамандығыңды толық білмейтін адамдардың ақыл-кеңесіне құлақ салудың қажеті шамалы.
3.      Мамандық таңдауда оның сырт келбетіне, көңілге қонымды жақтарына ғана назар аударудың қажеті жоқ, мүмкіндігінше қалаған мамандығыңның жұмыс мазмұны жөнінде көбірек білуге тырыс.
4.      Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды.
5.      Сен қолыңнан келетін істі мамандық етіп таңдаған пайдалырақ болмақ. Әйтсе де бұл сөз қарапайым естілгенімен, көбінесе назардан тыс қалып жатады.
6.       «Жақсы адам» - бұл мамандық емес. Егер саған адам ұнаса, оның меңгерген мамандығын мен де таңдауым керек деп жаңсақ қорытынды жасауға болмайды.
7.      Мүмкіндігінше өзің таңдаған мамандықтың өзіңнің денсаулық жағдайыңа тура келетін-келмейтіндігі жөнінде дәрігерден кеңес алғаның жөн.
8.      Заманауи ағымға қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандығың болуы қажет.
9.      Өзің таңдаған мамандығыңның мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы, кәсіби өсу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере алғанда ғана сенің мамандық таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек.
            10. Өзіңмен алдын ала психологиялық жұмыс жүргізбей-ақ, нық қадам жасай беруге болатын бірде-бір мамандықтың жоқ екендігін есіңде сақта! Әр адамның өзінің құрылымдық ерекшеліктері бар, дегенмен қатып қалған заңдылық жоқ болғандықтан, уақыт өте келе олар да өзгеретіні сөзсіз. Ұпай түрінде берілетін даму ерекшелігінің психологиялық көрсеткіштерінің «затқа айналуы» және бейімдік тест болашақ мамандыққа дайындық жасауға және өз қабілеттерінің құрылымы, дамуындағы түзетуді қажет ететін кейбір кемшіліктерді дер кезінде көруге мүмкіндік береді.
Сухомлинскийдің еңбегінде ата-аналар мектебі мен бала тәрбиесіне орай көптеген идеялар айтылған. Мысалы:
     - Бала өмірге келгеннен бастап, оны тұлға ретінде бағалап сыйлау.
     - Бала өмірге келген күннен бастап оның адамгершілік сезімдерін ояту.
     - Өз Отанының баласы ретінде Отанға еңбек етуге дағдыландыру.
     - Әр баланың рухани қажеттілігін және икемділігін дамыту.
      - Отбасының бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін сезіну қоғамның және көпшіліктің алдында өз ролін сезіну.
      - Баланың өсу кезеңінде заман талабына сай ата-ана алдында әлеуметтік-педагогикалық міндеттер басым.
            Атап айтқанда:
-         экологиялық, психологиялық-әлеуметтік қиыншылықтарға кездеседі;
-         өздерін еркін ұстауға, еркін сөйлеуге және қозғалуға дағдылануда;
-         қазіргі баланың өмірге көзқарасы, өзімшілдігі;
-         жас кезінен ақша проблемасына жолығу, темекі, анаша, т.б. зиянды заттарды тұтынуға бейім болу;
-         бала өз пайдасына жақын тұрады, жақсы өмір сүруге және бір күндігін ғана ойлау;
-         аталған факторлар бала өміріне өз әсерін тигізеді.

 


 
ОҚУШЫЛАРҒА ПСИХОЛОГ КЕҢЕСІ
                                                         Қиын жағдайдан қалай шығуға болады?

1. Қаймықпаңыз. Өмірде адамдарда одан да қиын жағдай туып жатады.
2. Есіңізде болсын. Әр уақытта проблеманың шешімі болады. Тек сабырлы болыңыз.
3. Бұл уақытта туыстарыңыздан немесе достарыңыздан көмек сұраңыз,олардың ортасында болып көңіл көтеріңіз.
4. Сіздің көңіл-күйіңіз әрине жоқ болады. Сондықтан өзіңіздің өміріңізде болған қызықты сәттерді еске түсіріңіз. Бақытты күндер әлі алда екенін ұмытпаңыз.
5. Жалғыз қалмауға тырысыңыз. Бір бөлмеде «Мен бұл жағдайдан шыға алмаймын, шеше алмаймын» немесе  «Енді не істеймін?» деп өзіңізді жеп отырғанымен түк шықпайтынын түсініңіз.
6. Проблемасыз адам болмайды. Сондықтан өміріміздің мәні сол қиындықтарды жеңіп шығуда екенін ұмытпаңыз.
 
ПСИХОЛОГҚА СҰРАҚ
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
      ХАБАРЛАНДЫРУ!

 

Құрметті ата-аналар!

 

Нұр-Сұлтан қаласы «№53 мектеп-лицей» КММ  2020-2021 оқу жылында   бірінші сыныпқа баратын балалардың  ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік  жылдың 1 маусым мен 30 тамыз аралығында жүргізіледі. Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін төмендегідей құжаттар қажет:
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш;;
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (026 / у-3 нысаны);
4) көлемі 3х4 см фотосурет – 2 дана.
Ескерту: бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылдау кезінде емтихандар, тестілеулер, сынақтар, конкурстар жүргізілмейді. Мектеп әкімшілігі.


Ата-аналарды қабылдау кестесі:

Сейсенбі күні сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
Бейсенбі күні сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
тел.50-16-79, 50-16-82,

Сауалнама
Біздің сайт сізге ұнайма ???

Дауыс беру

СТАТИСТИКА
  • Осы айда 666
  • Осы аптада 292
  • Кеше 53
  • Бүгін 8
  • Онлайн 1
ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР