КИЯНОВА

     ЗАМЗАГУЛ ЕРТАЙҚЫЗЫ
#БІЗБІРГЕМІЗ

                                                                           АТА-АНАҒА КЕҢЕС

       Әрбір ата-ана бала бойындағы жасқаншақтық пен ұялшақтық мінезге ұсақ-түйек мәселе деп қарамауы шарт.Баласының бұл мінезіне есейе келе қалатын уақытша құбылысқа балап елең қылмаса, бұл мінез-құлық баланың бойына тереңдей еніп, есейе келе одан арылу үшін қиындық туғызады.

       Жасқаншақтық мінез баланың әлденеден жасқанған жағдайда пайда болуы мүмкін. Сондықтан ата-ана баласының жасқаншақтық мінезін сезген сәттен бастап, оған көмек қолын ұсынғаны жөн.

       Баланың сәл-пәл атқарған жақсы істерін қолдап, бойында өзіне деген берік сенімді орнықтырып,қолға алса кез келген істі атқара алатынына, басқалардан ешқандай кемістігі жоқ екендігіне көзін жеткізуі керек. Баланың өтпелі кезеңде, одан кейін де талай проблемаларға килігетініне көзін жеткізіп, өмірдің бірыңғай жақсылықтан тұрмайтынына, сонымен қатар кемшілік атаулының барлық адамның бойында болатынына көзін жеткізуге тырысқаны абзал. 

 

                                                                          Ата аналарға кеңес             

Біріншіден,мұның өзі негізгі нәрсе – «тыйым салу» деген ата-аналық құқықты теріс пайдаланбаңыз. Ең алдымен сәбиді түсініп, оның қиқарлығының көзін табыңыз, «жарайды» деуге болатын жерде «жарайды» деңіз.

 Екіншіден,сіздің балаға деген нұсқауларыңыз бен талаптарыңыз дәлелді, ақылға қонымды болуға тиіс.

            Үш-төрт жастан бастап сәби сізді тыңдап, сөзге құлақ аса бастайды. Егер бала қиқарлық көрсетсе, жанжалға жеткізбей, көңілін басқаға аударыңыз, баланы тыныштандырыңыз. «Баланы жастан» деген осы болады. Қиқарлықты болдырмау үшін, оған сабырмен қол жеткізіңіз. Жанұядағы жылы шырайлы жағдай, балаға құрметпен қарау, сізге әрі ақылды, әрі дені сау бала өсіруге көмектеседі.

               Бұл шарт орындалмағанда қиқар бала тәрбиесі қиын балаға айналады.

Тәрбиесі қиын балалар көбіне берекесіз жанұяда қалыптасады. Осындай жағдайда сынып оқушыларының,мектеп ұжымының, сынып жетекшісінің рөлі зор. Бұндай оқушыға өмір жайлы көп айту қажет.

            Отбасы тәрбиесінде ата-аналардың мінез-құлқы шешуші фактор. Макаренко Н. «Сіз өз балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын өзіңіздің мінез-құлқыңызды тексеріңіз» деген болатын.

        Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық, еңбексүйгіштік, т.б.тәртіп пен мінез-құлық қасиеттері дамиды және қалыптасады.

Отбасында қоғамның келешек азаматы өседі.

            Басқаша айтқанда, отбасы жеке адамның тәртібі және мінез-құлық негізін қалайтын микро-ұжым.


5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі

      Оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға көшкен кезеңін бейімделу кезеңі дейміз. Өйткені, олардың пән мұғалімдері өзгерді, жаңа пәндер қосылды, 5-сынып бағдарламасы күрделене түсті. Осы бесінші сыныпта оқушылардың бойында ортақ мәселелер пайда болды. Бұлар:

                                 - Балалардың мінезі өзгереді;

                                 - тез шаршайды;

                                 - көңіл-күйлері бұзылады;

                                 - оқу-үлгерімі төмендейді;

                                 - мазасыздық, қобалжу сезімдері жиілейді.

      Сондықтан мектеп психологтары  кешенді зерттеу жүргіземіз.

      Психологиялық тұрғыдан мына салаларды қарастырамыз.

-         мектептегі, жанұядағы басқа адамдармен қарым-қатынас;

-         оқу үлгерімі, жаңа пәндерге бейімделуі;

-         өзін-өзі бағалау ерекшеліктері;

танымдық процестер: ес, зейін, ойлау, қиял т.б.;

ПСИХОЛОГҚА СҰРАҚ
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
      ХАБАРЛАНДЫРУ!

 

Құрметті ата-аналар!

 

Нұр-Сұлтан қаласы «№53 мектеп-лицей» КММ  2020-2021 оқу жылында   бірінші сыныпқа баратын балалардың  ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік  жылдың 1 маусым мен 30 тамыз аралығында жүргізіледі. Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін төмендегідей құжаттар қажет:
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш;;
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (026 / у-3 нысаны);
4) көлемі 3х4 см фотосурет – 2 дана.
Ескерту: бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылдау кезінде емтихандар, тестілеулер, сынақтар, конкурстар жүргізілмейді. Мектеп әкімшілігі.


Ата-аналарды қабылдау кестесі:

Сейсенбі күні сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
Бейсенбі күні сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
тел.50-16-79, 50-16-82,

Сауалнама
Біздің сайт сізге ұнайма ???

Дауыс беру

СТАТИСТИКА
  • Осы айда 659
  • Осы аптада 278
  • Кеше 66
  • Бүгін 33
  • Онлайн 2
ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР