Меню KDT
МЕНЮ
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются по обратной связи (тикет) или по телефону 8 (7172) 407 581

                  КИЯНОВА

     ЗАМЗАГУЛ ЕРТАЙҚЫЗЫ
#БІЗБІРГЕМІЗ
 
         
                              http://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption?lang=ru

                   
___________________________________________________________________

20.01.2021г.

                            «Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы»
                            тақырыбындағы «Адалдық сағаты»

          
___________________________________________________________________

                   Сыбайлас жемқорлық сенің тек еліңді ғана емес,
                       жақындарыңның өмірін де құртады. Ойлан!

            


________________________________________________________________________________

08.01.2021г.

Мейіржан Әлібекұлымен "Адалдық сағаты"


__________________________________________________________________________________
31.10.20ж.
                               Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа
                                қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілді
                                             тағайындау туралы


                                    Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа
                                    қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілдің
                                             міндеттерін жүктеу туралы


10.08.2020ж.

                         
АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
_____________________________________________________________________
16.10.2020ж.

       «Ар-намысты арқалаған рухты батыр Бауыржан»
                  тақырыбындағы «Адалдық сағаты»

     


------------------------------------------------------------------------------------------------------
28.09.2020ж.              

                Ренат Бектұровпен "Адалдық сағаты"
           


_____________________________________________________________________

                    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне                            
                            ішкі талдау жүргізу туралы


_____________________________________________________________________
01.09.2020ж. 

БҮГІН ЕЛОРДАДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ «ӘДІЛДІККЕ ҮНДЕГЕН ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ»
ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫМЕН БАСТАЛДЫ

     Бүгін Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Білім күніне орай Нұр-Сұлтан қаласының барлық оқу орындарында бірыңғай онлайн жалпы республикалық «Адалдық сағаты» өтуде.
      Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік, парасаттылық және сенім сынды маңызды адамгершілік құндылықтарды дамыту.
        Онлайн-дәріс Тұран даласының ХІІ ғасырдағы ұлы ойшылы Қожа Ахмет Ясауидың адалдық қағидаларын түсіндіруге арналған.
    Түркі әлемінің дамуындағы Ясауи рөлі сөзсіз, оның мұрасы түркі мемлекеттері арасындағы достық қарым-қатынастардың қалыптасуында үлкен рөл атқарды.
      Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Қожа Ахмет Ясауи Орталық Азиядағы оның ішінде Қазақстанда да, барлық түркі халықтарының ұлттық рухани ілім жүйесін өрнектеп берді» деп атап өткен.
    Бейне-дәрістерде оқушылар мен студенттер «ақыл кітабы» – «Диуани-Хикметте» жинақталған адалдық, әділдік, парасаттылық, қарапайымдылық пен мейірімділік сияқты адами құндылықтарға шақыратын ұлы ойшылдың сөздерімен танысады.
     Адалдық — адам бойындағы басты қасиеттердің бірі, адамгершіліктің маңызды талаптарының бірін көрсететін моральдық сапа. Оған шыншылдық, ар-ождан, адалдық, қабылданған міндеттемелерге адалдық, мәселенің дұрыстығына субъективті сену, адамның басқарылатын себептеріне байланысты, өзгелер мен өзіне деген шынайылық.
    Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен бейне-сабақ республикалық және өңірлік телеарналар эфирінде көрсетіліп, сондай-ақ Агенттіктің Youtube-арнасында және әлеуметтік желілерде орналастырылды.
Бейне-дәріске сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=3p1TwYI9-fg&list=PLvN9UMfEpeunSj5iXGTaI9CFjkGNXE2UN


_____________________________________________________________________

                "Әл-Фараби және қайырымды қоғам" 

                    тақырыбындағы "Адалдық сағаты"

          













                     


АДАЛ ҰРПАҚ- МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ КЕПІЛІ



17 қаңтар

Бүгін елордамызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен барлық білім 
беру мекемелерінде республикалық «Адалдық сағаты» акциясы өткізілді.Іс-шараға Департамент басшылығы, «Астана - адалдық алаңы» жоба менеджерлері, департамент жанындағы ақпараттық үгіт-насихат штабының жетекшісі Сәдібек Түгел және мүшелері Ербол Іргебай, Қарлығаш Ерғазы, Ернар Жұматаев, Арнайы мониторингтік топтың мүшелері, білім басқармасының өкілдері, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының өкілдері қатысты.Іс-шараның басты мақсаты - рухани құндылықтарды насихаттай отырып парасатты, саналы ұрпақты қалыптастыру.Департамент басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева «Адалдық сағаты» акциясы барысында №53 мектептің оқушыларымен кездесті. Мектепте жалпы 3390 оқушы білім алады, оның ішінде акцияға қатысқандардың саны 400-ге жуық.Жазира Жылқышиева Ұлы Абайдың «Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» нақыл сөзімен бастады.«Жас ұрпақтың бойына адамгершілік дәнін егіп, олардың әрқайсысына қайырымдылық, әділ және адал еңбек ету және адалдық секілді игі қасиеттерді дарыту – қоғам алдында тұрған басты міндет.«Жаста берген тәрбие – жас шыбықты игендей» демекші, әр оқушыға тек бар жақсыны үйретсек, келешегі кемел елдің ертеңі жарқын болмақ» - деп қорытындылады.Оқушылардың бойына рухани құндылықтарды насихаттау -ақыл-парасаты толысқан адал ұрпақ тәрбиелеу.Іс-шара барысында слайдтар мен бейнероликтер көрсетілді. Акцияда 10 мыңнан астам адам қамтылды. Оқушылардың белсенділігі, алғырлығы көз қуантады. Жалындаған жастардың отты көздері үлкен үміт күттіреді.












                                                                  «ПАРАСАТТЫЛЫҚ» деген не? АДАЛДЫҚ САҒАТЫ

Мейірімділік, адалдық, әділеттілік, сенімнен басқа, парасаттылық басқаларға деген адалдықты қамтиды, бірақ қатал шындық емес, өйткені бастысы - біреудің сезімдеріне зиян тигізбеу. Парасатты адам сатқындыққа, зұлымдыққа, агрессияға және басқа да өнегесіз әрекеттерге, сезімдерге қабілетті емес. Ол өз әрекетінде парасаттылық қағидалары мен жақсылық ережелерін қолданады, мысалға: • Досыңмен бөліс

• Адамдарға көмектес

• Әлсіз адамды қорға

• Қызғанба

• Өзгелердің қателіктерін кешір.

Осы пікірдің төңірегінде бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№53 мектеп-лицей» КММ-де «Парасаттылық деген не?» атты адалдық сағаты ұйымдастырылды. Оған ҚР Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департамент басшысының бірінші орынбасары - Жылқышиева Жазира Жақсылыққызы, мектеп директоры –Киянова Замзагул Ертаевна және ұстаздармен 8-11 сынып оқушылары қатысты. Адалдық сағатында мектеп директоры Замзагул Ертаевна сөз алып, парасаттылық және өз ісіне деген парасаттылық - еңбекке, өзімізге және айналамыздағы әлемге саналы және адал қарым-қатынас - бұл еліміздің табысының басты факторы екендігін атап өтіп, жас буынға біздің еліміздің жастар үшін үлкен мүмкіндіктер жасап жүргенін түсіндірді. Жазира Жақсылыққызы жастардың басты міндеті-жаңару, өзгеру екендігін түсіндіріп, жас ұрпаққа үндеу жасады. Парасаттылық - қазақша «парасаттылық» немесе ағылшын тілінде «integrity» - адалдық, заңдылық, тұтастық, сенімділік сияқты құндылықтарды біріктіретін күрделі ұғым. Бұрынғыдай тезис: «Өзіңнен баста». Осы қағидаларды оқушыларға баяндама үлгісінде тарих пәні мұғалімі Алиев Ербол Нұрмаханұлы сөз етті. Адалдық сағаты соңында мектебіміздің 200-ге жуық мүшесі бар еріктілер тобының белсенділері сөз алып, мектепте атқарылып жүрген жұмыстарын таныстырып өтті: 8 А сынып оқушылары, сынып жетекшісі – Хурмет Жанатбек ұстазымен бірге қаладағы балалар үйіне барып, балаларға қажетті кеңсе тауарлары мен ойыншықтарды сыйлады. Олармен бірге тренинг ұйымдастырып бірнеше сағат уақыттарын балаларға жылулық сыйлауға арнады. Мектебіміздің 9 Д сыныбы, сынып жетекшісі – Абдраханова Роза Керимхановнамен жәрмеңке ұйымдастырып, қаңғып жүрген үйсіз, бос қалған үй жануарларын қорғайтын фондқа тағамдарын сатып алып, апарып берді. Осыдай игі істердің нәтижесінде оқушылардың бойынан қайырымдылықты, мейірімділікті, сүйіспеншілікті аңғардық. Жастар- Қазақстанның болашағының негізгі қозғаушы күші, аға буынның лайықты өзгеруі.







20 қараша

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАЛАЛАР КҮНІ

Дүниежүзілік балалар күні және Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы қабылданғанының 30 жылдығы мен ратификацияланғанының 25 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шараларға байланысты 20 қараша күні мектебіміздің 10-11 сынып аралығында «Біз бақытты баламыз», «Біздің құқығымыз» және т.б. тақырыптарда бірыңғай тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Іс-шараның тәрбиелік мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында баланың тұлғалық маңыздылығы мен қадір-қасиетіне деген сенімді дамыту, баланың тұрмыстық жағдайын жақсартуға үлес қосуды нығайту, баланың әл-ауқаты мен қорғанысына қатысты әлеуметтік және құқықтық қағидаларды қалыптастыру. Оқушылар сабақта топтық жұмыс арқылы тақырып бойынша өз ойларын ортаға сала білді.







8 қараша

ЕҢБЕККЕ БАУЛЫҒАН ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСЫ

Мектебімізде жаңа оқу жылына жоспарланған үйірмелер қатарында "Өсімдік егу" үйірмесінің жұмыстары нәтиже беріп жүр. Үйірме жетекшісі- Есмаханов Рамазан Сақтағанұлы сенбі күндері 6-сынып оқушыларының бос уақытын тиімді пайдаланып, еңбекке баулиды. Аз уақытта Рамазан Сақтағанұлы шәкірттерімен бірге денсаулыққа пайдалы, астың дәмін келтіретін алғашқы көк жуаларын көп мөлшерде жинап алып, қаладағы балалар үйінің аспаздарына апарып берді. Сауабы мол, еңбегі берекелі үйірме жұмысына оқушылар қызығушылық танытып, сенбі сайын қалмай қатысады. Үйірме жұмысының болашақтағы жоспары- бұдан да көп өнім жинап, қажеттілікке жарату.







 









ПСИХОЛОГҚА СҰРАҚ
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
      ХАБАРЛАНДЫРУ!

 

Құрметті ата-аналар!

 

Сауалнама
Біздің сайт сізге ұнайма ???

Дауыс беру

СТАТИСТИКА
  • Осы айда 599
  • Осы аптада 205
  • Кеше 32
  • Бүгін 33
  • Онлайн 0
ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР