КИЯНОВА

     ЗАМЗАГУЛ ЕРТАЙҚЫЗЫ
#БІЗБІРГЕМІЗ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

Гимн– мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Гимн ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.

Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан гимнінің музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР гимнінің музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы гимнінің музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты.

Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік гимн қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік гимн жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік гимнін бекітті.


                                                                         Сөзін жазғандар: 
Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов
 
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
 
Қайырмасы:
 
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
 
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
 
Қайырмасы:
 
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

ПСИХОЛОГҚА СҰРАҚ
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
      ХАБАРЛАНДЫРУ!

 

Құрметті ата-аналар!

 

Нұр-Сұлтан қаласы «№53 мектеп-лицей» КММ  2020-2021 оқу жылында   бірінші сыныпқа баратын балалардың  ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік  жылдың 1 маусым мен 30 тамыз аралығында жүргізіледі. Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін төмендегідей құжаттар қажет:
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш;;
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (026 / у-3 нысаны);
4) көлемі 3х4 см фотосурет – 2 дана.
Ескерту: бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылдау кезінде емтихандар, тестілеулер, сынақтар, конкурстар жүргізілмейді. Мектеп әкімшілігі.


Ата-аналарды қабылдау кестесі:

Сейсенбі күні сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
Бейсенбі күні сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
тел.50-16-79, 50-16-82,

Сауалнама
Біздің сайт сізге ұнайма ???

Дауыс беру

СТАТИСТИКА
  • Осы айда 666
  • Осы аптада 292
  • Кеше 53
  • Бүгін 8
  • Онлайн 0
ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР