КИЯНОВА

     ЗАМЗАГУЛ ЕРТАЙҚЫЗЫ
#БІЗБІРГЕМІЗ

Мектеп жаналыктары

ІІІ-Республикалық «Тайжарыс» радиобайқауы

05.05.2014
Просмотров: 441
Бурабайда «Балдәурен» РОСО-ында өткен ІІІ-Республикалық «Тайжарыс» радиобайқауында «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша №53 мектеп-лицей оқушылары Алпысбай Диас (орта топ) І-орын дипломмен, «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша Оралбай Бағжан (орта топ) І-орын дипломмен, Талап Меруерт (жоғарғы топ) ІІ-орынмен, Молдабекова Айдана (жоғарғы топ) ІІІ-орынмен марапатталды. Алпысбай Диас пен Оралбай Бағжан байқаудың галаконцертінде өнер көрсетті. Жетекшісі Қаракеева Закира Құрманбекқызы «Алғыс хатпен» марапатталды.
Толығырақ >>

"Астана - достық бесігі"

03.05.2014
Просмотров: 478
№53 мектеп-лицейінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Абденова Т.К. және Нұржанова Г.С. 1-мамыр Қазақстан халықтары бірлігі күніне арналған «Астана – достық бесігі» атты қалалық фестивалін ұйымдастырды. Мақсаты:  Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету. «Достық» атты бір  шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлт
Толығырақ >>

"Аталар даңқы - ұрпаққа үлгі"

03.05.2014
Просмотров: 482
Мектебімізде «Аталар даңқы – ұрпаққа үлгі» атты ардагерлермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында ардагерлер оқушыларға өткен өмірлерінен, майдан шебінде атқарған қызметтері туралы әңгімелерін айтып берді. Оқушыларға өздерінің баталарын беріп, жарқын болашақ тіледі. Кездесу соңында ардагерлерге дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.
Толығырақ >>

Ардагермен кездесу

03.05.2014
Просмотров: 438
Мектебімізде Ұлы Отан соғысы ардагері Ыбраш атамен кездесу ұйымдастырылды. Ыбраш ата оқушыларға өзінің соғыс жылдарындағы еңбектерімен бірге, соғыстан кейінгі еңбек жолындағы ұстаздық еңбегін де әңгімелеп берді және оқушыларға есептеудің оңай жолдарын үйретті. Мектеп директоры Қ.Ж.Әбдірәсілов кездесу барысында сөз сөйлеп, ардагер атаға рахмет айтты. Кедесуді «7Арна» арнасы түсірді. Түсірілім 7 мамыр күні көрсетіледі. Кездесуге 4 А және 4 Ә сынып оқушылары, сынып жетекшілері Нұрғалиева Б.Б., Шатаева К. қатынасты.
Толығырақ >>

Құттықтаймыз!!!

24.04.2014
Просмотров: 311
Информатика пәні бойынша «ІТ-технологиялар»  атты қалалық оқушылар олимпиадасына мектебіміздің 9, 10-шы  сынып оқушылары қатысып, «Бағдарламашылар» секциясы бойынша 10Д сынып оқушысы Журкабаев Руслан І- орын және10А сынып оқушысы Жұмаш Батыржан ІІ орын, ал «Қолданушылар» секциясы бойынша 10Д сынып оқушысы Сланова Айгерім мадақтамамен  марапатталды. Оқушыларды  жетістіктерімен құттықтаймыз!!! Жетекшілері:  Аушахманова К.З. Таубалдиева Ж.А.
Толығырақ >>

Бала би

24.04.2014
Просмотров: 478
2014 жылдың сәуір айында Астана қаласы «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» ұйымдастырған қалалық «Бала би» шешендік өнер сайысында үздік өнер көрсеткен 5 «Г» сынып оқушылары «Уәзір» – Тайтелдиева Диана мен «Жырау» – Белгібаева Аяла ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Сарсембаева Жұмаш Төлекенқызы.
Толығырақ >>
ПСИХОЛОГҚА СҰРАҚ
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
      ХАБАРЛАНДЫРУ!

 

Құрметті ата-аналар!

 

Нұр-Сұлтан қаласы «№53 мектеп-лицей» КММ  2020-2021 оқу жылында   бірінші сыныпқа баратын балалардың  ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік  жылдың 1 маусым мен 30 тамыз аралығында жүргізіледі. Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін төмендегідей құжаттар қажет:
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш;;
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (026 / у-3 нысаны);
4) көлемі 3х4 см фотосурет – 2 дана.
Ескерту: бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылдау кезінде емтихандар, тестілеулер, сынақтар, конкурстар жүргізілмейді. Мектеп әкімшілігі.


Ата-аналарды қабылдау кестесі:

Сейсенбі күні сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
Бейсенбі күні сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
тел.50-16-79, 50-16-82,

Сауалнама
Біздің сайт сізге ұнайма ???

Дауыс беру

СТАТИСТИКА
  • Осы айда 666
  • Осы аптада 292
  • Кеше 53
  • Бүгін 8
  • Онлайн 0
ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР